- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК: 14 мыңнан астам қазақстандық азамат шетелде дауыс береді
ҚР ОСК: 14 мыңнан астам қазақстандық азамат шетелде дауыс береді
«2016 жылдың 4 наурызындағы жағдай бойынша шетелдік елдерде ҚР-ның 14 мың азаматы тіркелді. ҚР төрағалығымен 51 шетелдік елде 65 сайлау учаскесі құрылды. 25 учаске – Азияда, 4 – Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1 – Африка, 20 – Еуропа, 15 – ТМД», - деді В.Фоос.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В. Фоос БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 наурызда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депуттарын сайлауда дауыс беру жалпы алғанда 9 840 сайлау учаскесінде өтетіндігі туралы ақпараттандырды.
Дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар сондай-ақ өздерінің сайлауға қатысу құқығын іске асыра алады.
Ол үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында Сыртқы істер министрлігінің аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады.
“Сайлау заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Республика азаматының төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі”, - деді В.Фоос.
Сонымен қатар, еліміздің шет мемлекеттерде жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген азаматтары, олар учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген және Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болған жағдайда, сондай-ақ сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.
2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасының 14 мыңнан астам азаматы қойылған.
“Ортсайлауком Басшысының орынбасары «51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылды, 25 учаске Азия елдерінде, 4 – Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1 – Африкада, 20 – Еуропада, 15 – ТМД-да» екенін атап өтті”, - деді В.Фоос.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі