- Басты
- Жаңалықтар
- Стамбулда көлік логистикалық сала мәселесі талқыланды
Стамбулда көлік логистикалық сала мәселесі талқыланды
Көрме және форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Түркияның көлік саласының жетекшілері – көлік, коммуникация және теңіз көлігі министрі Бинали Йылдырым және мемлекеттік темір жолдың бас директоры Омер Йылмызбен кездесті, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Кездесулер барысында Қытай-Түркия- Еуропа бағытындағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысты мәселелер қаралды.
Түркияның көлік саласының жетекшілері – көлік, коммуникация және теңіз көлігі министрі БиналиЙылдырым 2016 жылы қазанда аяқталатын Карс-Ахалкалаки темір жол желісінің құрылыс барысы туралы әңгімеледі.
Түркия мен Грузия аралығында жаңа темір жол бағдарын жүргізу Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында жұмысты жандандыруға тың серпін береді.
А. Маминнің айтуынша, аталмыш бағдар сыртқы нарыққа шығуды көздеген халықаралық көліктік логистикалық қауымдастықтың қызығушылығын туғызып отыр. Оның ішінде Қытай нарығы мен Түркия және Еуропа елдерінің оңтүстік бөліктері жаңа шешімдерді қажет етеді.
Тараптар кездесу барысында атап өткендей, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға және оның бәсекелестікке сай болуына орай үлкен жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, тиімді тарифтік саясат, жүк тасымалдаудың бірыңғай технологиясын енгізу, ықпалдасқан логистикалық өнім шығаруға басты назар аударылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында Түркиядан Ақтау арқылы Орта Азия мен Қазақстанға қарай автокөлікпен жүк тасымалдау ағынын көбейту мәселесі қаралды. Өткен екі айда ғана 1660 автокөлік өткізілді. Өткен жыл бойына бұл көрсеткіш -1885 қана болатын.
Инфрақұрылым мен логистика саласындағы «EurasiaRail 2016» халықаралық темір жол көлігі көрмесі Еуразия темір жол көлігі инфрақұрылымы индустриясы саласындағы көлемі жөнінен әлемдегі үшінші орынға ие.
Биылғы жылы бұл конференция мен көрмеге қатысуға әлемнің 25 елінен 200-ден астам компания келді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын