Көкшетаулық спортшы еркін күрестен ҚР чемпионатында «алтын» жеңіп алды

9 Наурыз, 2016 12:08
Көкшетаулық Николай Рублевский есту қабілеті төмен спортшылар арасында еркін күрестен ҚР-дың чемпионы атанды, деп Ақмола облысы ІІС жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Естерінізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында грек-рим және еркін күрестен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының үшінші чемпионаты өтті.

Жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан 100-ден астам спортшылар қатысты, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан және Ақтөбе облыстары қатысты.

Қабілеті төмен спортшылар арасында өткізілген еліміздің чемпионаты дене шынықтыру мен спортты насихаттауға арналған.

Ақмола облысының «Мерген» атты  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клубының он шақты оқушылары облыстың намысын қорғауға кетті.

Николай Рублевский 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медалді қанжығасына байлады және Қазақстанның құрама командасына кірді. Олар Тегеранда - Иран астанасында мамыр әлем чемпионатына қатысатын болады.

Жаттықтырушы Ерсан Қапаровтың айтуынша ақмолалық спортшылар 3 күміс және 6 қола медалін иеленді. 

Барлық жаңалықтар