Ақтауда 70 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

9 Наурыз, 2016 11:16
Ақтауда 70 отбасы апаттық деп талныған үйлер тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев 3 шағын ауданындағы апаттық деп танылған №12, 13, 15, 16, 17 үйлердің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Жаңа 100 пәтерлік тұрғын-үй бұған дейін сүрілген №14 үйдің орнына салынды.

Жеке инвестициялар есебінен тұрғызылған жобаның құны 473 млн. теңгені құрайды.  Жергілікті атқарушы органдардың есебінен жер бөлінді және қажетті инфорқұрылым жүйелері жүргізілді.

«Осы уақытқа дейін аппаттық деп танылған үйлер бірден-бір өзекті мәселелердің бірі болатын. 15 аппаттық үйдің 237 пәтерінде 500-ге жуық қала тұрғындар тұрып келді. Сондықтан аталған мәселені шешу үшін 2014 жылы «аппаттық үйлерді жою 2014-2020» қалалық бағдарламасы бастау алған болатын. Бағдарламаға сәйкес ескі үйлердің орнына жаңа үйлер бой көтеріп, инфрақұрылым жүйелері жаңартылып,  жаяу жүргіншілер жолдары, сонымен қатар автотұрақтар және балалар ойын алаңдары салынатын болады», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев

Осындай қуанышты сәтте отбасылардың атынан Тұрсын Доспаева құттықтау сөз сөйлеп, бағдарламаға бастау берген облыс, қала басшыларына алғысын айтты.

Барлық жаңалықтар