• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Аралбекова: Экономикалық шындық кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті болуға мәжбүрлейді

Қ.Аралбекова: Экономикалық шындық кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті болуға мәжбүрлейді

9 Наурыз, 2016 10:32
Жаңа экономикалық шындық жаңадан білім алуға және бәсекеге қабілетті бола білуге жетелейді, деді Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Қарлығаш Аралбекова Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Аймақтарда жаңа экономикалық шындық сезіле бастады. Ірі кәсіпорындар да бұл жағдайдан айналып өте алмады. Өндіруші, бірақ, бәсекеге қабілетті емес өнім шығаратын компаниялар нарықтан шығып қалып жатыр»,-деді Қ.Аралбекова.

Оның айтуынша, облыс кәсіпкерлері алғашында абдырап қалды, кейінен 2015-ші жылдың соңына қарай дамудың жаңа жолын таба бастады.

«Қазір біздің кәсіпкерлер тауардың өзіндік құнын төмендетуді немесе сапаны арттырып бағаны көтеруді ойластырып жатыр. Олар маркетингті оқып, білім алуда. Кәсіпкерлер маркетингтік білімсіз нарыққа төтеп беру оңай болмайтынын түсінді»,-деп атап өтті Қ.Аралбекова.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар