• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Атыраудың үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті (ФОТО)

«Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Атыраудың үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті (ФОТО)

9 Наурыз, 2016 09:34
«Мәңгілік ел» пойызы Қазақстанның мұнай астанасы – Атырау қаласына келді. Ол жерде пойыз қатысушылары – «Азаматтық альянс» өкілдері үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, ҮҰӨ-ң есеп беру бойынша жаңа тізімдерін талқылады.

«Қазір 31 наурызға дейін Қазақстанның барлық үкіметтік емес ұйымдары өз қызметтері туралы ҮҰӨ-нің тізіміне кіргізу үшін есептерін тапсырулары тиіс. Оның барлығы ҚР-дың бірлестіктер деректер базасын қалыптастыру мақсатында жасалуда. Біз «Мәңгілік ел» пойызы аясында аймақтарда 7 наурыз айында қабылданған жаңа ереже бойынша түсіндірме жұмыстраын өткізудеміз. Бұған дейін тізім өте үлкен болды, ал қазір мемлекеттік орган мен «Азаматтық альянстың»  бірлесіп жұмыс істеуі арқасында, ҮҰӨ жайлылығы үшін, ол жерде керекті ақпараттар ғана қалды»,- деп Батыс Қазақстан облысының «Азаматтар альянсының» атқарушы директоры ғамал Түзелбаев айтып өтті.

Оның айтуы бойынша, әлеуметтік пойыздың келуі арқасында  Атыраудың қоғамдық бірлестігі қажетті ақпараттың жаңа тізімін бірінші білді. Ғ.Түзелбаева ҮЕҰ саласы үлкен қарқынмен дамуда және мемлекеттің дамуына өз үлесін қоысып жатыр деп айтып өтті. Барлық аймақтарда қоғамдық кеңестер құрылды, оның үштен екі бөлігі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып келеді.

Айта кетейік, Атырау қаласы «Мәңгілік ел» пойызының 22 тоқталған бекеті болды. 15 ақпанда бастама алған республикалық акция 9 күн болып, 2016 жылдың 18 наурыз айында Алматы қаласында аяқталады. 

Барлық жаңалықтар