Степногорде МЖӘ аясында жаңа шағын орталық ашылды (ФОТО)

9 Наурыз, 2016 09:17
Степногорде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 30 орындық жаңа шағын орталық ашылды, орталықта балалар 2 жастан бастап білім алады. Шағын орталыққа қажетті барлық қондырғы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жиналған қаржыға сатып алынды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

«Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы мекеменің жөнделуі мен жалға берілуіне кәсіпкер Фарида Есжанова өзінің жеке зейнетақылық жинағын салды, ал мемлекеттік бағдарламаның гранты бойынша қондырғы сатып алынды. Балалар сана сезімдерін дамытатын жаттығулар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Жаңа балабақшадағы жаттығулар ерекше болады. Бұл орайда нақты талаптар жоқ, балалар мантессори-материалымен жұмыс істеу керектігін өзі таңдайды. Балғындарға орталықтың өзге де жаттығулары ұнайды. Логопедтің жұмыстары да жүргізілетін болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногор қаласында осы сынды шағын орталық  сияқты 2 топ бар, бұл тек Степногор қаласына ғана емес,  облыс үшін жаңалық болып отыр.

Итальяндық педагог Мария Монтессоридің әдістемесі бойынша ақмолалық аймақта – Көкшетау мен Степногорде жұмыс істеп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар