- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатысу үшін 54 мемлекет тіркеуден өтті
Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатысу үшін 54 мемлекет тіркеуден өтті
Отырыс барысында Универсада-2017 қысқы ойындарын өткізуге дайындық Дирекциясының жетекшісі Әсет Әбдуалиев Алматыда өтетін жарысқа дайындықтың қалай жүріп жатқаны туралы баяндады.
Алматы қалалық халықаралық спорттық жобалар Дирекциясының мәліметінше, Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатысу үшін 54 мемлекет тіркеуден өткен. Бұл қысқы универсиадаға қатысушы елдердің саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Тіркеу осы жылдың 29-шы наурызына дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, 2007 жылы Туринде (Италия) өткен қысқы универсиадаға 48 мемлекет, 2009 жылы Харбинде (Қытай)44 мемлекет, 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен универсиадаға 52 мемлекет, 2013 жылы Италияның Трентино қаласында өткен жарысқа 50 мемлекет және Испанияның Гранада қаласындағы қысқы универсиадаға 41 мемлекет қатысқан болатын.
Дирекция жетекшісі Ә.Әбдуалиев Универсиада-2017 қысқы ойынын өткізу үшін салынып жатқан нысандардың 60 пайыздан астамы дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұңғыш рет Атлетикалық ауыл салынатыны да айтылды.
«7-ші қысқы Азия ойындарындағы тәжірибеге сүйеніп, Универсиада-2017 ойынына қатысушылар үшін оңайлатылған визалық режим жасалатын болады. Сондай-ақ, қалада ары-бері жүру үшін негізгі және баламалы 500 бірлік көлік іске қосылады»,-деп атап өтті Ә.Әбдуалиев.
Отырыс қорытындысы бойынша FISU президенті Олег Матыцин жарыстың сәтті өтуіне сенім білдіріп, Ұйымдастыру комитетінің жұмысын жоғары бағалады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары