- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде аймақаралық кооперацияны дамыту жұмыстары басталды
Ақтөбеде аймақаралық кооперацияны дамыту жұмыстары басталды
Ақтөбеге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер делегациясы келді.
6 наурыз күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақаралық кооперация аясында ұйымдастырылған Қызылорда және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін аралады.
Екі аймақтың кәсіпкерлері өздері өндіретін өнімдерді өзара тиімді шарттармен жеткізу жөнінде тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды. Екі облыстың тауар өндірушілері импорт алмастыру, сонымен бірге екі көршілес облыстың өнеркәсібінің даму динамикасына оң ықпал ету барысын саралады.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарға кооперацияларға бірігу керектігін, осылайша бірін-бірі қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге шақырды. Нәтижесінде импорт көлемін азайтуға болады. Қызылордада шығарылатын өнімді ақтөбелік кәсіпкерлер сол жақтан сатып алулары керек. Сырттан жеткізілетін өнім көлемін азайту қажет. Сонымен бірге, біздің өңірдің әлеуетімен танысқан қызылордалықтар да Ақтөбеден шығарылатын өнімдерді өздерінде сату керек. Бұл өз кезегінде аймақтар экономикасын дамытуға оң ықпал етеді. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз жоғарыламауына жол бермейді» - деген Бердібек Сапарбаев екі облыс арасындағы экономикалық байланыстың одан әрі тереңдеуіне автомобиль және темір жолдарының да ықпал ететінін меңзеді.
Бердібек Сапарбаевтың айтуына қарағанда, Ақтөбе және Қызылорда облыстары арасындағы аймақаралық кооперацияның негізгі тұжырымдамалары мен бағыттары бір айдың ішінде әзірленуі керек. Содан кейін екі облыстың басшылары аймақтардың өзара тиімді ынтымақтастығына бағытталған аймақаралық кооперация туралы келісімшартқа қол қоятын болады.
«Орда» базарының аумағында өткен жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтары көрші облыстардың тауарлары және қызметтерімен танысып, Ақтөбе базарларындағы бағаларға қарағанда арзан бағамен азық-түлік сатып алу мүмкіндіктеріне ие болды. Мәселен, қызылордалықтар күріштің келісін 150 теңгеге саудалады, ал жергілікті сауда орындарында күріштің келісі 220 теңге. Картоптың келісі 50 теңге, пияз – 35 теңге, сәбіз – 45 теңге. Жәрмеңке кезінде жалпы құны 40 миллион теңгенің 150 тонна өнімі саудаға шығарылды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту