• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында өткен каратэ бойынша чемпионатта үздіктер анықталды (ФОТО)

Ақмола облысында өткен каратэ бойынша чемпионатта үздіктер анықталды (ФОТО)

9 Наурыз, 2016 08:37
Көкшетау қаласында Ақмола облысының WKC каратэ спортынан чемпионат өтті, деп Ақмола облысының ІСБ жанындаңы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Айта кетейік, 5 пен 18 жас аралығындағы 85 спорсмен Ақбола олысының WKC каратэ спорт чемпионатында чемпион атағын алуға сайысты. Спортшылар кате мен кумитэ бөлімінде қыздар мен ұлдар арасында 22 категория бойынша білек сыбасты.

«Ағымдағы жылы сәуір айында Тараз қаласында өтетін Қазақстанның чемпионатына қатысатын спортшыларды осы сайыста іріктеп аламыз. Менің жарыс ұйымының дәрежесіне көңілім толды және спортшылардың деңгейі айтарлықтай артқан. Біздің спортшылар ел чемпионатында тамаша көрсеткіш көрсететініне сенімдімін»,-деп ферерация филиалының директоры Руслан Дүкембаев айтып өтті.

Жоғары жастағы спортшылар тобы керемет көрсеткіш көрсетті: Артем Буряк, Вадим Ежов, Расул Балташев, Гүлбағыш Махамбетова, Дамра Жаубасар, Алина Кирсанкина, Іляс мен Ерасыл Ескеновтар. Жасөспірімдер дәрежесінде (6-7 жас,-25 кг) мұхтар Әмірхан.

Чемпион болғандар: Болат Мирас, Руслан Николенко, Жақсылық Әдемі, Жақсылық аружан, Қайыргелді Аянат, Сенбай Санжар, Әмір Апішев, Диас Әмрин, Еске Қайрат, Ғаббас Темірлан, карина Келдібекова, Құрманғазы Төлешев.

Барлық жаңалықтар