• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ирандық инвесторлар ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

Ирандық инвесторлар ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда

7 Наурыз, 2016 14:32
Онтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ирандық «Jahade Sabz» компаниясының басшылығын қабылдады. Өңір басшысы қонақтарды облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, өңірдің жоғары өндірістік-экономикалық әлеуеті жөнінде сөз қозғады.

Әкім Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының басты бағыты ауыл шаруашылығы болып табылатынын атап өтті.

Кездесу барысында суармалы жерлерді игеру, сондай-ақ, алма бауларын отырғызу, дәнді және майлы дақылдар егу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар техникалық сала, егіншілік және сауда-саттық салаларында мол тәжірибесі бар екендігін алға тартты.

Бұл ретте облыс әкімі құзырлы органдарға ирандық компанияның жобаларын іске асыру барысында жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Барлық жаңалықтар