• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының тұрғындары «Мәңгілік ел» пойызының қатысушыларынан кеңес алды (ФОТО)

Маңғыстау облысының тұрғындары «Мәңгілік ел» пойызының қатысушыларынан кеңес алды (ФОТО)

7 Наурыз, 2016 10:43
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» пойызы Ақтау қаласына келіп жетті.

«Мәңгілік ел» пойызы Маңғыстау облысына келді. Бұған дейін шығы, солтүстік және орталық Қазақстанның сегіз облысында болдық. Пойыздың негізгі міндеті – орында әлеуметтік мәселереді шешу. Пойызда 100-ден астам барлық министрлік пен ведомствоның қызметкерлері бар. Олардың көбісі медбикелер – 30-дан астамы нағыз керекті мамандар»,-деп пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов айтып өтті.

Сонымен қатар ол кісі пойыз келетін уақытын тұрғындарға ертерек айтып отырғандығын және олар кеңестер өткізетін жерлерін алдын-ала дайындап қойатындықтарын айтты. Барлық шаралар «Мәңгілік ел» пойызының қатысушыларымен ұйымдастырылған жыіне олар тегін өткізіледі, ол жерге кез-келген адамдар келе алады.

Республикалық акцияның қатысушылары жұмыстарын таңнан батады. Азаматтар Әділет министрлігі, ҚР ДСӘДМ, ҰКП өкілдерімен кездесіп, сонымен қатар дәрігерлерге қаралуға жазылды.

«Көбінесе сұрақтардың барлығы мүлікті тіркеу, заңнамалық тұлғаға, мұралықты рәсімдеу және сот актілерін шешу мәселесі бойынша қойылды. Біздің топ «Мәңгілік ел» Пйызына» 29 ақпа айында келіп қосылды. Осы уақыт аралығында 60 адамды қабылдап үлгердік және 80-90 пайыз келушілердің қойған сұрақтарын орында отырып шештік деп сеніммен айта аламыз. Кеңес алуға тек жеке тұлғалар ғана келіп қоймай, жергілікті атқарушы орган өкілдері де келді. Біз оларға заңға байланысты мәселерді түсіндірдік»,-деп ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы Ләйлә Ермаханова айтты.

Айта кетейік, Астана және Алматы қаласының мамандарынан біліктілік көмегін алуға тек азаматтар ғана келмей, соннымен қатар жақын арадағы шағын қалалардың тұрғындары да келді. 

Барлық жаңалықтар