- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының 40-тан астам тұрғыны «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды (ФОТО)
Қызылорда облысының 40-тан астам тұрғыны «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды (ФОТО)
"Біздің аналар мен арулар тек отбасының ғана ұйытқысы емес, олар бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын аса қуатты қозғаушы күш. Сыр елінің сан-салалы әлеуметтік-экономикалық өмірі мен мемлекеттік саясатының барлық саласында белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер соның айғағы. Қазақстанның бүгінгі толайым табыстары, Сыр елі жеткен жеңістердің барлығында әйелдер қауымының қолтаңбасы бар. Олай болса, бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып отырған барша қыз-келіншектерге, апа-қарындастарымызға, аяулы аналарымызға шынайы ризашылық білдіреміз. Өмірдің нәрін де, әрін де келтіріп отырған Сіздерге алғыстан басқа айтарымыз, жақсылықтан басқа тілеріміз жоқ, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, 11 жасар Аружан Бисенбаева облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Айта кетейік, Аружан 11 ақпан күні өрттен өзінің үш бауырын құтқарып алған болатын. Ол осы ерлігі үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
Салтанатты шара әсем әуен мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасты. Бұл күні көрсетілген құрметтің барлығы нәзік жандыларға арналды.
Сонымен қатар облыс әкімі Арал теңізі өңірінің дамуына белсене қатысқан әйелдермен-қоғам қайраткерлерімен, спортшылар және басқа мамандық өкілдерімен кездесті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі