• Басты
  • ЖҚЖК-2020- елдегі жұмыссыздықты азайтудың дұрыс бағыты

ЖҚЖК-2020- елдегі жұмыссыздықты азайтудың дұрыс бағыты

5 Наурыз, 2016 19:02
Қазақстанда 2015 жылңы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына орай «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны іске асыру 2 кезеңге бөлінген: бірінші кезең-2015 жыл, екінші-2016 жылдан 2020 жылға дейін, Бағдарламаның паспортына сәйкес, 2020 жылы елімізде жұмыссыздардың саны 5 пайыздан аспайтын болады. Сонымен қатар, әйелдер тобының жұмыссыздығы 5,5 пайыздан аспайды, ал жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан аспайды.

Осылайша, орталық және жергілікті атқарушы органдарға және басқа да органдарға бағдарламаны іске асыру тапсырмасы берілді. Жергілікті атқарушы органдарға ай сайын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бағдарлама бойынша іске асырылып жатқан араларға есеп беру тапсырмасы қойылды. Сонынмен қатар бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты пайдалану бойынша есеп.

Айта кететін жайт, бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, әл-ауқатын ілгерілету, сондай-ақ жұмыссыздықтан қысқарту. Бағдарламаның негізгі міндеттері өзін-өзі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту болып табылады.

Осылайша, 2015 жылы ЖҚЖК-2020 аясында ҚР-да 156 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардң ішінде тұрақты жұмысқа 142,3 мың адам тұрды.

«2016 жылы ҚР ДСӘДМ баст бағыты әлеумеьттік-еңбек саласында халыққа жұмыс орындарын тауып беру болып табылады. «ЖҚЖК-2020» юағдарламасын іске асыру аясында 2015 жылы 156 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардң ішінде тұрақты жұмысқа 142,3 мың адам тұрды»,-деп министр Тамара Дүйсенова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесі мен 2016 жылдағы алда тұрған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.  

Бағдарламаға қатысушы 6 мыңнан астам адам алғаш рет өз істерін ашу мақсатында немесе оны ұлғайту үшін микрокредит алды, 14 мың азамат кәсіби оқытумен қамтамасыз етілді. 24,5 мың азамат жастар практикасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, сондай-ақ, тұрғындардың еңбекке жұмылдырылуын арттыру мақсатында 1200 адам көшірілді.

Сонымен бірге, 2015 жылы жұмыспен қамту шараларының аймақтық кешенді жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 423 мың адам қамтылды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 131%-ын құрады. 396 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 218 мың адам қамтылды.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСӘДМ мамандары «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізгенін мәлімдеді.

Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі. Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жаңа бастамаларды жүзеге асыру мақсатында 60 мыңға жуық адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту арқылы қосымша 63 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр.

Тамара Дүйсенова халықты әлеуметтік қолдау шаралары жайында айта келіп, биыл ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру мақсатында және мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемақыны 25%-ға, шәкіртақыны 25%-ға ұлғайту үшін республикалық бюджеттен 1,6 трлн. теңге бөлінетінін атап айтты. Азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 268 млрд. теңге бөлу қарастырылады.

«Алдағы жылдары – 2016-2017- Алакөл, Кербұлақ, талғар аудандарында және Қапшағай қ. жаңа және қолданыстағы 5 сауда үйлері мен базарларда қайта жаңарту жоспарланған. Оның жалпы инвестициясы 1,2 млрд теңге»,-деді А.Баталов.

Сонымен қатар, «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында негізгі кәсіпкерлер оқуды өтіп, өз істерін асыру үшін 34,7 мың қазақстандықтар шағын несие алды. Жастар тәжірибесіне 80,8 мың адам жіберілді, қазақстандықтармен әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялауға-103,1 мың орын, кәсіби оқыту, біліктіліктерінжоғарылату мен қайта дайындаудан 122,9 мың қазақстандықтар өтті.

Білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында 2/3 жалақысынан уақытша субсидиялаудың механизмі қарастырылады. 

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін жабдықтар күшейтіледі, ол «Жұмыспен қамту жол картасында» қолданылады: жұмысқа орналастыру мен жобаның инфрақұрылымы; жобаның потенциалын орындау; кәсіпкерлердің дамуына шағын несие беру.

Алдағы бағдарламаның жақсы нәтижесіне қарамастан, Парламент депутаттары «ЖҚЖК-2020» бағдарламасына күмәнемен қарады. Соның ішінде ең бірінші бағыты жұмыс орындарын құру бойынша.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» мақсаты-тұрақты жұмыс орындарын құру. Үлкен қаражат жұмсалуда, алайда уақытша жұмыс орындары ғана жасалуда. Онда бұл қаражаттарды жұмсаудың не қажеті бар. Бұл сұрақ ашық түрде қалды»,- деп Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева сарапшылар тобының отырысында айтты.

Депутат аудандық деңгейде бағдарламаның нашар жұмыс істегендігін айтып өтті, я,ни ауылдық тұрғындар бағдарламада қатыспайтындығын.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар