Қазақстанда БЖК-2020 аясында 6 жыл ішінде шамамен 7,7 мың жоба субсидияланды

5 Наурыз, 2016 18:14
Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» аясында 6 жыл ішінде шамамен 7,7 мың жоба субсидияланды, деп Астана қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Исламбек Қайырбеков «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

«Қазақстанда бағдарламаны іске асырған күннен бастап бүгінгі күні шамамен 7 757 мың жоба субсидияланды, Егер Қазақстан бойынша кепілдеме туралы айтатын болсақ, бүгінде жалпы сомасы 29 млрд теңге болатын 1721-ге жуық кепілдеме бар. Астанада 2010 жылдан бастап 161 санды көрсетеді. Астана бойынша 80 жоба мақұлданып, 2015 жылы 60 келісімшартқа қол қойылды. Өткен жылы банктермен жұмысты өзектендірдік және бірнеше банктері де қостық»,-деп И.Қайрбеков айтты.

Филиал директорының сөзі бойынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қолдау мен дамуына Астанада мемлекеттік қолдаулы 117,87 млрд теңге сомма көлемінде 466 кісәпорындар жобасы қолдау алды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының бағыты 16%  номиналды пайыздық мөлшерлемесі бар несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау. Астана қаласының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдауды 7-10 пайыздық субсидиялау несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін алады.

2015 жылы Астанада субсидия жасау бойынша 76 келісім-шартқа қол қойылды. Несиелік партфельдің жалпы сомасы 22,3 млрд теңге болды. 2015 жылы төленген субсидиялардың сомасы 3,02 млрд теңге.

 Кепілдік бизнес-жобаларды жүзеге асыру аясында, «Даму» қоры 154 жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 108 жоба Қорға кепілдік беру тұрғысынан жалпы сомасы 5,8 млрд теңге болды. Олардың ішінде 2015 жылы 80 жоба бойынша кепілдеме әкелуі мақұлданды, кепілдеменің 60 келісім-шартына қол қойылды. Оларыдың сомасы 764,40 млн теңгені құрады.

Осымен бірге Астанада жобаның 37 пайызы тасымалдау және қоймалауға байланысты. Ал, 21 пайызы - өңдеуші өнеркәсіп. 2015 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 150 млн. теңге қарыз алған болатын. Оның 17 млн. теңгесі «Даму» кепілдік қорынан берілді. Кәсіпорын бұл қаржыға ішкі нарықтағы жоғары сұранысты қамтамасыз ету үшін және сапалы өнім шығару мақсатында шыныны балқытып, суару пешін сатып алды.

«Біздің кәсіпорынның ерекшелігі сол сертификатталған инновациялық өнім шығаратын жалғыз кәсіпорынбыз. Негізі шыныдан майдаланған тәсілмен шығарылған өнім сертификатталмаған. Біздің өнім тексеріс пен барлық талаптардан өтті және біз оның сапасына кепілдік береміз. Бізге ірі құрылыс компаниялары мен жеке-меншік құрылысшылар тапсырыс береді», -деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген зауыт директоры Александр Гаврилов.

Айта кетейік, кәсіпорындағы  қазақстандық қамту  70 пайызды құрайды.

 

«Өнімнің басым көпшілігі қайта өңдеудің көмегімен жүзеге асады. Біз жылына 12 мың шаршы метр өнім өндіреміз. 2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы 10 пайыздан 14 пайызға дейін мемлекет субсидиялаған тиімді несие алдық. Осының есебінен жылына 20 мың шаршы метрге дейін өнім өндіруді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы.

 

«Біз арнайы бағыт пен арнайы бағдарламаны әзірледік. Компанияның көлігі GPS навигациясымен жабдықталған. Автобустар сары түске боялған, «Балаларға көңіл бөл» деп жау жазылған. Олардың бір бартықшылығы – қауіпсіздік. Ата-аналар біздің сайт арқылы автобустың қай жерде келе жатқанын және қандай жылдамдықпен жүргенін біле алады. Әрбір балаға бейдж беріледі. Ол бейдж арқылы жүргізуші олардың қай жерде тұратындығын білуге көмектеседі, ал ата-аналар автобуска кіріп-шыққандығы туралы хатар алады»,- деп компанияда айтты.

Сонымен қатар, барлық бағдарламада секілді қосымша назар аудартатын сұрақтар бар. Осы орайда ҚР Парламент Міжілісінің 5 шақырылым депутаты Нұртай Сәбілянов БЖК-2020 аясында жұмыс істемейтін бизнестің тізілімін құруды ұсынды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында төленген субсидялардың көлемі 27,5 млрд теңгені құрды. Яғни, егер кәсіпкер 14 пайыз алса, оның 7 пайызын ғана қайта береді»,-деді ол.

«Осылайш, менің ойымша, жұмыс істемейтін кәсіпорындар бойынша тиісті реестрлер болу керек. Өйткені субсидия еліміздің экономикасының дамуына бағытталады»,-деді ол.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында қаржылық емес қолдау бар. Халыққа қызмет көрсету орталығында Астанада 2015 жылы 4 894 тұтынушыға 6 144 қызмет көрсетілді.

«Айта кетеін жайт, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының тұтынушылары кеңес алғаннан кейін, өз бизнестерін ашады және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады»,-деді И.Қайырбеков.

Астаналық кәсіпорындар бағдарламаның қаржылық емес құралдарын да қолданады. Осылайша, «ШОБ бойынша топ-менеджментке оқытуә бағдарламасы бойынша 168 кәсіпкер оқытудан өтті; «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша-442, 2015 жылы -51; тағылымдаманы 75 кісіпкер өтті, 2015 жылы-8. Сонымен қатар, 5 шетелдік сарапшылардың миссиясы жүзеге асырылды, 2015 жылы-5.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар