- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі облыстың әйелдер қауымын құттықтады
ШҚО әкімі облыстың әйелдер қауымын құттықтады
Әртүрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды. Олардың қатарында ауылшаруашылығы, мәдениет, спорт, білім беру салаларының өкілдері, журналистер мен үй шаруасындағы әйелдер, «Күміс алқа» иелері бар. Әрбіреуі кәсіби және азаматтық тұрғыда қалыптасқан, жоғары шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген, еңбек қызметі мен өмірде табысқа жете білген жандар.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгінгі кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы алқашқы мерекелік шара екендігін атап өтті.
«Ел болашағын ертеден ойлаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әйел-ананың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Өйткені ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси өміріне белсене ат салысып, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге зор үлес қосып отырған қоғам мүшесі, - деді облыс әкімі.
Айта кетсек, біздің облыста әйелдер қауымының басым бөлігі мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салаларда еңбек етіп жүр. Мемлекеттік басқару саласының жартысы – әйелдер. Облыстың барлық салаларында басқарушылық қызметін атқарып жүрген әйелдер саны 40%-ды құрайды.
Сонымен қатар, нәзік жандылар аймақтың қоғамдық өміріне, азаматтық институттарды дамытуға зор үлес қосып келеді. Олар 13 әйелдер және гендерлік мемлекеттік емес ұйымдарға, 39 этномәдени бірлестіктерге басшылық етіп отыр.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек