ТМД миссиясынан Мәжіліс сайлауына 245 бақылаушы аккредитталды

5 Наурыз, 2016 15:43
Қазақстанда болатын сайлауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы миссиясынан 245 бақылаушы аккредитталды, деп ТМД бақылаушылар миссиясының штабы бастығының орынбасары Олег Кулеба ОСК-да өткен брифингте айтты.

«Бүгінгі күні ТМД бақылаушылар миссиясының штабынан 293 ТМД елдерінің өкілдерінен аккрредитация жасауға құжаттар түсті, оның 245 аккредитталды. Біздің ойымызша, осындай санды бақылаушылардың болуы ҚР-дың барлық аймақтарында болатын сайлауға әділ баға береді. Миссия құрамына Украинадан басқа барлық достастықтың мемлекеттері кірді, сонымен қатар  ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының үлкен тобы  және Ресей мен Беларусияның парламенттік одақ ассамблеясы кірді»,-деді О.Кулеба.

Сонынмен бірге МД бақылаушыларының сапалық құрамын атап өтті.

«Жергілікті кеңестердің ұлттық парламенттері мен депутаттар мүшелерінің өкілдігі айтарлықтай үлкен. Сонынмен қатар дипломаттар бар  - ТМД елдерінің елшілік қызметкерлері мен сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері. Біздің бақылаушылырдың ең үлкен бөлігі - орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері»,-деді О.Кулеба.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар