Қызылордада жастардың денсаулық акциясы өтті

7 Наурыз, 2016 10:02
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жастар денсаулық орталығы Белкөл кентінде денсаулық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Акция барысында кент тұрғындары мен жастарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, арнайы үнпарақтар таратылды.

Қатысушы тұрғындар қан құрамындағы қант, холестерин мөлшерін біліп, қан қысымын өлшеп, мамандардан кеңес алды. Қажет еткен тұрғындар флюрографияға түсті. Бұл бағыттағы шаралар орталық тарапынан тұрақты ұйымдастырылып келеді. 

 

Барлық жаңалықтар