• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда «Қазселденқорғаудың» 135 бақылау пункті тосын табиғат мінезін көрсетуде

Қазақстанда «Қазселденқорғаудың» 135 бақылау пункті тосын табиғат мінезін көрсетуде

15 Қараша, 2013 19:35
Қазақстанда «Қазселденқорғаудың» 135 бақылау пункті тосын табиғат мінезін көрсетуде. Бұл жайлы ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» 40 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда мәлім болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні «Қазселденқорғау» ММ-да 135 жыл бойғы және маусымдық мұздықтар, мұздақ және мұздық көлдер, сел бассейндері мен ошақтарының жәй-күйін, гидрометеорологиялық жағдай мен қауіпті құбылыстарды қадағалау пункті бар. Селқауіпті кезең бойы аумақтарды аэрошолу тексеру жұмыстары жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытқа дейін «Қазселденқорғау» тек Қазақстан Республикасында ғана емес, инженерлік қорғау мен селдердің, қар көшкіндерінің, сырғымалардың, үйінділердің алдын алу және олардың салдарын жою, тиісті қадағалау және хабардар ету қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын жалғыз

мамандандырылған бөлімше болып қалады. 
Конференция аясында ҚР ТЖ министрі «Қазселденқорғау» ММ-нің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне, естелік белгілері мен ведомстволық награда тапсырды. 
 

Барлық жаңалықтар