- Басты
- Жаңалықтар
- М. Мюллер: Австрияда Астанадағы EXPO-2017 павильонына үздік идея байқауы жарияланды
М. Мюллер: Австрияда Астанадағы EXPO-2017 павильонына үздік идея байқауы жарияланды
«Өткен жылдың соңында біздің Үкімет көрмеге қатысатындықтарын нақтылады, қазір түрлі жұмыстар жасалуда. Тақырыпқа келетін болсақ, мен нақты айта алмаймын, өйткені австрияда павильонның ең үздік идеясына байқау жарияланды. Осы жерде барлық адамдар – креатившілер, инженерлер қатыса алады және содан кейін австриялық павильонның шығатыны білінетін болады. Осы шешім жаз айына орай белгілі болады деп есептейміз»,-деді ол.
М. Мюллердің айтуынша, Австрияда жасыл технология бұрыннан қолданыста жүр.
«Вена қаласындағы жаңа тұрғын кварталы және ол жерде көпшілік ескерілген. Менің ойымша, қазақстандықтарға Австрия қызықты болады. Біз тек вальс билеп қана қоймай, гидрологиялық станцияларды да құрастыра аламыз»,-деді ол.
М.Мюллердің айтуынша, EXPO-2017 көрмесіне көбінесе бизнесмендер, ұйымдастырушылар, компаниялар келеді.
«Австрия мен Қазақстан ынтымақтастықты бастады. Бүгінгі күні Қазақстан қарқынды даму үстінде. Бір –бірімізге деген қызығушылық бар. Қазақстан көрмеге дайындығын жауапкершілікпен атқаруда және көптеген павильондар салынды. Менің ойымша Қазақстанның осындай үлкен көлемді шараны өткізуге шамасы жетеді»,-деді ол.
«Мен Қазақстанда отбасыммен 6 жылдан астам уақыт тұрып келемін. Алматы қаласында тұрамыз және өзімізді жайлы сезінеміз. Қазақстанның түрлі жерлерінде болу мүмкіндігім болды. Әр қилы және үлкен ел. Адамдар мейірімді және достар табуға болады»,-деді М. Мюллер.
Естерінізге сала кетейік, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 арнайы мамандандырылған көрмесі Қазақстандағы ірі маштабты шара. Осындай шараны өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы айтты. «Болашақтын энергиясы» атты тақырып әлемдегі үздік энергия үнемдеуші технологияларды тартуға көмектеседі. Көрме экономиканы әртараптандыру жүйесіне қуатты серпін және өдірістік объектілерді технологиялық жаңғырту және елдің ғылыми базасына серпін береді.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары