- Басты
- Жаңалықтар
- «Халық маркасы - Қазақстанда жасалған» алғашқы азық-түлік дүкені Астанада ашылды
«Халық маркасы - Қазақстанда жасалған» алғашқы азық-түлік дүкені Астанада ашылды
«Дүкеннен Қазақстанның барлық аумақтарынан, Оңтүстік Қазақстаннан бастап Маңғыстауға дейінгі барлық өңірлерінен әкелінген азық түрлері бар. 300-ден астам отандық тауар брендтерінің 2 мыңнан астам аталымы қойылған. Тұтастай алғанда, бұлар әрбір өңірде халықтың арасында танымал болған сүйікті тауар маркалары. Қазақстандағы бірінші дүкен Астанада ашылғандықтан «Астана Халық маркасы» деп аталып отыр. Біз республика бойынша барлық өңірлерден дүкендер желісін ашпақшымыз. Сондықтан да, 22 өңірдегі дүкендердің әрқайсысында өз атауы болады», - деді ашылу рәсімінде «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева.
Дүкен иесі Рахима Ғазизованың айтуынша, бүгінгі таңда дүкенде 80-ге жуық түрлі қазақстандық марка ұсынылған. «Бұл біздің бірінші бәсекелі артықшылығы болып табылады. Екіншісі, дүкендегі бағалар қолжетімді. Себебі, біз тауар өндірушілермен тікелей жұмыс жасаймыз, бізде тауарлар құны басқа дүкендерге қарағанда 10-15%-ға арзан», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаеваның айтуынша, дүкенде 50-ге жуық қазақстандық тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылған. Атап айтқанда, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы белсенді ұсынылған.
Вице-президент мәлімдегендей, қазақстандық азық-түліктердің түр-түрі ұсынылған.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай дүкендер желісін ашу жоспарланған. Ол үшін маркетологтардың кәсіби командасы жұмылдырылады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады