- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының әкімі аймақтың ең үлкен қариясын мерекемен құттықтады
Павлодар облысының әкімі аймақтың ең үлкен қариясын мерекемен құттықтады
Үстіміздегі жылдың 8-ші сәуір күні Александра Алексеевнаның жасы жүзге толды.
Александра Чиркова туған күнімен құттықтай келген қонақтарға өз өмірінен сыр шертті. Ол Алтай өлкесінің Ново-Крайчиково селосында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 16 жасынан бастап орман шаруашылығында еңбек жолын бастады. Осы жұмыс орнынан көп балалы ана ретінде құрметті еңбек демалысына шықты.
1975 жылы отбасымен Павлодар қаласына көшіп келді. Александра Алексеевна «Еңбек ардагері», «Көп балалы ана» медальдерімен, қажырлы еңбегі үшін құрмет граматоларымен марапатталған.
Ол Ұлы Отан соғысының қатысушысы Григорий Чирковтың жұбайы, 5 баланы тәрбиелеп өсіріп, олардан немере, шөбере сүйіп отырған ардақты ана, бақытты әже.
Аймақ басшысы Александра Чирковаға раушан гүлдері мен сыйлықтар ұсынып, мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, Қ. Бозымбаев бүгін көп балалы аналармен кездесіп, оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.
Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде көп балалы аналарға бала тәрбиесімен қатар, отбасы құндылықтарын дәріптеп, асыл аналардың жарқын образын қалыптастырғандары үшін алғысын айтты.
«Әйел-Ана әр отбасының тірегі, бақыттың бастауында тұрған жандар. Өмірдегі жақсылық атаулының бәрі аналарға байланысты», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Павлодар облысында 9 962 көп балалы ана бар. Олар 6 және одан да көп бала тәрбиелеп, өз шаңырағының қадірлі отанасы болып отыр.
Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев өңіріміздің Іскер әйелдер кеңесінің мүшелерін де мерекемен құттықтады.
«Сіздер табиғат сыйлаған табандылық пен іскерліктің, шыдамдылық пен қажырлы қайраттарыңыздың арқасында әр салада үлкен жетістікке жеттіңіздер. Сіздер ұл-қыздарыңызға ғана емес, замандастарыңызға үлгі болуға тұрарлық тұлғасыздар!», - деді әкім құттықтау сөзінде.
Статистика органдарының мәліметі бойынша, қазіргі таңда облысымызда шағын және орта бизнес субъектілерінің 29,5%-ын нәзік жандылар басқарып отыр, жеке кәсіппен айналысатын тұлғалардың 46 %-дан астамы да әйелдер қауымынан.
Мемлекеттік қызмет саласында 1762 әйел жұмыс істейді, олардың 20%-ы басқарушы лауазымдарда, 25 әйел аудан, кент, ауылдық округтерінің әкімі қызметінде.
Жақында өтетін сайлауға облысымыздан 2 әйел Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депуттаттыққа үміткер ретінде тіркелсе, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 206 депутат мандатына 197 үміткер әйел бақ сынайын деп отыр.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар