• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада темір жол көлігі саласын еуразиялық моделге сай стандарттау мәселесі талқыланды

Астанада темір жол көлігі саласын еуразиялық моделге сай стандарттау мәселесі талқыланды

5 Наурыз, 2016 16:39
Астанада Кедендік Одақ аясындағы Қазақстан, Ресей,Белорусь, Армения, Қырғызстанның темір жол көлігі саласындағы техникалық реттеу мен стандарттаудың өзекті мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысы өткізілді, деп хабарлады ҚТЖ.

Бірыңғай экономикалық одақ жағдайында осы кеңістікте темір жол көлігі саласын бірыңғай техникалық реттеу жүйесін үйлестіру маңызды фактор болып табылады.

Отырыста Кеден одағы техникалық регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар арнайы жылжымалы құрамдар мен локомотивтердің жарамдылығы мерзімін  ұзарту жайы екшелді.

Сонымен қатар Астанада «Темір жол көлігі» (МТК524) мемлекетаралық техникалық комитетінің стандарттау жөніндегі отырысы өткізілді.

 Онда 2015 жылдың қорытындысы жасалды. Оның ішінде АСУ-«Стандарттау» стандарттары жүйесін автоматтандыру тәжірибесінің нәтижелері қаралды.  Көлік саласындағы мемлекетаралық бағдардағы көлік қызметінің сапасын көтеру мен ықпалдастырудың таяу арадағы болашағы жайы талқыланды.

МТК отырысы барысында темір жол техникасы саласындағы темір жол өнімдерін бағалаудың техникалық стандарттау регламенттері сарапталды.  Осы отырыс аясында Қазақстан, Ресей, Белорусь темір жолдары арасында жолаушыларға қызмет көрсету саласы бойынша келісімдерге қол қойылды.

«Соңғы жылдары мемлекетаралық техникалық комитеттің атқаруымен темір жол көлігі саласындағы стандарттау  бағытында стандарттаудың еуразиялық моделін қалыптастыру жолында әлемдік үздік негіздерге сүйеніп, көп жұмыстар атқарылды»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Серік Төлебаев.

«РТЖ» ААҚ вице-президенті Валентин Гапановичтің айтуынша, бұл стандарттар экономика мен бизнестің дамуына кері әсерін тиігзбеуі тиіс. Бұл стандарттар темір жол өнімдерінің барынша сенімді әрі сапалы болуын көздейді.

 

Барлық жаңалықтар