С.Штанге: Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін қызықты аймаққа айналды

5 Наурыз, 2016 13:46
Қазақстанның Үкіметі өз азаматтарын әлемде болып жатқан дағдарыстан басқа елдермен салыстырғанда арашалап қалды. Ол жерде орта таптардың, қайыршылық күйіне түсіп жатқан адамдар тобы мен болашаққа сенімдерін жоғалтқан жастардың үмітсіздігінің жоғалып бара жатқандығын көреміз. Бұл жөнінде «Palisade» компаниясының Орталық және Шығыс Еуропадағы бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Саша Штанге Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты

«Әлемдегі саяси жағдайдың өзгеруіне, мұнай бағасының күрт төмендеуі, сонымен қатар басқа да сыртқы жағдайларға орай, Қазақстан қиын жағдайға түсті. Қазақстанның Үкіметі өз азаматтарын әлемде болып жатқан дағдарыстан басқа елдермен салыстырғанда арашалап қалды. Ол жерде орта таптардың,  қайыршылық күйіне түсіп жатқан адамдар тобы мен болашаққа сенімдерін жоғалтқан жастардың үмітсіздігінің жоғалып бара жатқандығын көреміз. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің қараша айындағы Жолдауында біздің елімізде жұмыс істеп жатқан адамдардан Қазақстанның құндылығын көретіндігін айтты. Ол жеке басымдылықты жасап, өзінің халқына негіз бен құрал берді. Оның барлығы әлемдік нарықта жоғары білім стандарты бар академиялық институттарды құруды ұсынды.Мысалы үшін Астана қаласындағы Назарбаев Университеті сынды. Бұл Қазақстанды шетелдік инвестицияларға қызықты орын қылдырады.  Сонымен қатар әлемдік нарықта өз өнімін жасауға көмектеседі. Осының барлығы жетістіктің бір нышаны деп білемін»,- деді еврей сарапшысы.

Оның айтуы бойынша, Қазақстан шикізаттық тәуелдіктен алшақтауда және еңбек резервтеріне сүйенуде.  Сонымен қатар, сарапшының ойынша,  болашақта біздің Республика шетелдік инвестицияға өте қызықты аймақ болады, яғни қосымша дамуға мүмкіндік  алады.

«Президент Назарбаев өз сөзінде дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктердің баршылық екендігін айтты. Мысалы, ұлттық валютаның девальвациясы  шетелдік компанияға жасалған қызметтердің арзанға түсуін көрсетеді.  Бұл Қазақстанды шетелдік компанияларға қызықтырады. Көп уақыт аралығында аутсорминг қызметі, мысалы, бағдарламаны қамтамасыз етуді әзірлеу, бухгалтерлік есеп және  барлық үдерістер үлкен бизнеске айналды. Олар Қытай мен Индия елдері. Бүл шағын миллиардыты, жаһандық бизнес және осы елдердің көбіне халықаралық кәсіпорындарын біріктірді. Қазір бұл елдер батыс компанияларға қатты тартымды емес. Білімді кадрлары мен  қолайлы айырбастау бағамымен Қазақстан қазіргі күні перспективалық болды»,-деді С. Штанге.

Данияр Қасымов

 

Барлық жаңалықтар