- Басты
- Жаңалықтар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің құралына айналады
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің құралына айналады
Кеше өткен ведомство кеңесінде, ақпараттық технологиялар - «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізгі жолының бірі ретінде анықталды жәнеолар әкімшілік реформалардың құралы және катализаторы ретінде қарастырылуы тиіс,- деп хабарлады министрліктен.
Бағдарлама аясында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін және рұқсатнама жүйелерін жетілдіру шаралары қабылдануда, мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған бірқатар шаралар іске асырылуда. Олар бизнестің уақытша шығыстары мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, мемлекеттік органдардың бақылаушы қызметтерін реттеуге және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Осы бағыттардың аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жан-жақты енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін арттыру, азаматтарға электрондық білім, денсаулық сақтау және т.б. қызметтерін алуларына жағдай жасау жөніндегі міндеттер шешіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстанның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасау. Бағдарламаны ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған тапсырма аясында мүдделі мемлекеттік органдармен және сарапшылармен бірлесе отырып әзірледі.
Мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі, қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени тұрғыда дамуы үшін ақпараттық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелерін шешуге бағытталған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары