Д.Зенн: Қазақстан лаңкестікпен күресте бүкіл әлемді біріктіреді

5 Наурыз, 2016 11:26
Қазақстан – Орталық Азиядағы ең үлкен және ықпалды мемлекет. Бұл ел қазір лаңкестікпен күресте тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаруаларымен айналысуда. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Еуразия және Африка елдері бойынша сарапшы Джейкоб Зенн (АҚШ) айтты.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы ең үлкен және ықпалды мемлекет. Бұл ел қазір лаңкестікпен күресте тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаруаларымен айналысуда. Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлы саясатты таразылап, АҚШ, Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Менің ойымша, Қазақстан лаңкестікпен күресте бүкіл әлемді біріктіреді»,-деп атап өтті американдық сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі Қазақстанның дамуы ел Көшбасшысының көрегендігімен тығыз байланысты.

«Президент Н.Назарбаев үнемі болашақты көре біледі. Мысалы, оған «Қазақстан - 2050» Стратегиялық даму бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуі негіз бола алады. Сондай-ақ, лаңкестікпен күрес мәселесін көтеруі де мысал бола алады. Біз Қазақстан Көшбасшысының көрегендігін көріп отырмыз. Ол ертеңгі күнді, ұрпақтарымыздың болашағын ойлайды. Ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін түрлі елдердің сарапшылары Астанаға ат басын бұрып отырмыз»,-деп атап өтті Д.Зенн.

Еске сала кетейік, наурыздың 2-і күні Астанада «Жаңа ғаламдық шындық: мәселелер, аймақтық тұрақтылық тәуекелдері» тақырыбында  конференция өткен болатын. Оған АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия және Германияның сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысқан еді. Аталмыш шараның негізгі ұйымдастырушысы ҚР Президенті жаныдағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты.

Данияр Қасымов

Фото: tonyblairfaithfoundation.org

Барлық жаңалықтар