- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасұлан» тәрбиеленушілерінің биі қазақстандықтарды тәнті етті (ФОТО)
«Жасұлан» тәрбиеленушілерінің биі қазақстандықтарды тәнті етті (ФОТО)
Аға буын өкілдерінен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері де қалыс қалмады. Болашақ әскери қызметшілер әлемге мәшһүр әйгілі би трендін қостап, «шаффл» стиліндегі биді орындады.
Әсерлі қойылымның шешуші сәті 200-дей бозбаланың бір қатарға тізілген «жанды сегіздігі» болды. Өрімдей ұландар әскери мектеп тәрбиеленушілерінің барша аналарына 8 наурыз мерекесіне орай сыйлық ретінде би қойылымын тарту етті. Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің түлектері соңында офицер атанып, Қазақстанның Қарулы Күштері мен өзге де әлеуетті құрылымдарында қызмет өткеретінін айта кетейік. Мектеп оқытуды, тәрбие беруді, дене шынықтыруды жетілдіруді сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажетті заманауи оқу-материалдық базамен жабдықталған. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді зерделеу және күшейтілген дене даярлығы кіреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді