- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалармен танысты
Сенаторлар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалармен танысты
Отырыстың негізгі тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау болды. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асырудың келешегі қаралды.
Отырыста Президенттің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын орындау аясында жаңартылатын энергияны пайдаланудың нақты нысанды көрсеткіштері және оған қол жеткізудің қадамдары белгіленді. 2020 жылы еліміздің жалпы энергетикалық теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі үш пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Сенаторлар сапар барысында Орталық Азия аумағындағы жаңартылатын энергия көздерінің ең ірі нысаны – қуаты 50 МВт «Бурное» күн электр станциясында болды. Оның құрылысы аймақтағы электр энергиясының жетіспеушілігін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік берді. Электр станциясы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында жария етілген «жасыл экономиканы» қалыптастыру мақсатына елімізді ілгерілетудің жақсы өнегесі болды. Шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов, энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына инвест» ЖШС өкілдері, электр энергетика кәсіпорындарының басшылары қатысты.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус