• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР жеңіл атлетикадан құрама командасы Тынық Мұхиты чемпионатына қатысу үшін Дубайға барды

ҚР жеңіл атлетикадан құрама командасы Тынық Мұхиты чемпионатына қатысу үшін Дубайға барды

5 Наурыз, 2016 12:47
Қазақстанның паралипия құрамасы мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтетін Тынық Мұхиты чемпионатына қатысу үшін Дубай қаласына барды.

Ұлттық паралимпияда комитетінің хабарлауынша, аталмыш чемпионат Рио-Де-Жанейрода өтетін Паралимпиядалық ойындарға қатысу үшін лицензия жеңіп алуға және шеберліктерін шыңдап, көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған.

Құраманың сапында 6 спортшы бар. Олар – Бақберген Қолғанат, Салимов Ислам, Қалқаев Аманат, Лукутин Алексей, Сидорчук Павел, Жоламан Еламан және құраманың бас бапкері Юрий Мощеев, делінген баспасөз хабарламасында.

Барлық жаңалықтар