Астанада 2013 жылдың ең үздік студенті анықталады

15 Қараша, 2013 18:33
«Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттер қозғалысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жыл студенті-2013» республикалық байқаудың салтанатты марапаттау шарасын өткізеді, деп хабарлайды шараны ұйымдастыру комитеті.

«Аталмыш байқау студент жастардың әлеуметтік белсенділігін артыру, көшбасшылық қырларын таныстыру және де өмірдегі әмбебаптығын сынға алу мақсатында ұйымдастырылады.

Шараның ұйымдастырушылары қатысушылардың жекелеген сипаттарын қайрауға, қоғамдағы әлеуметтік және өзге де мәселелерге белсенді ат салысып, олардың шешілуіне өз септіктерін тигізуге, студенттердің бойында азаматтық ұстанымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 154 адам өтініш берген. Барлық өтініштер арнайы комиссия тарапынан қатарлап, нәтижесінде еліміздің студенттік жастары өкілдері таңдалып алынды.

Бұл шараның өтуі  жастар арасында патриоттық сезім ұялатуға, еліміздің дамуына қандай да бір үлес қосу ниетінің қалыптасуына және де әр өңірде әлеуметтік маңызы бар шараларда жастардың белсенді ат салысуына себеп болмақ.

Барлық жаңалықтар