- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Атамқұлов: Нәзік жандыларды сыйлауымыз қажет
Б.Атамқұлов: Нәзік жандыларды сыйлауымыз қажет
Мерекелік жиынға қоғамның дамуы мен Тәуелсіз еліміздің демографиялық өсіміне үлес қосып жүрген көп балалы аналар, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер, бизнес бастап, кәсіптен нәсіп тапқан кәсіпкерлер мен қаламы қарымды журналист ханымдар жиналды. Сұлу да табысты қыз-келіншектерді төл мерекесімен құттықтаған облыс әкімі оларға арнайы сый-сияпат жасады.
«Алып та, ақын да – Анадан туады». Бұл біздің дана халқымыздың сөзі. Бәріміз Анадан тудық. Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің бұлағы. Әр күнімізде біз әйелдің қоғамдағы орны мен рөлін жете түсініп, үлкен құрмет көрсетіп отырамыз. Сіздер, еліміздің көркеюіне белсене атсалысып, барлық салада абыройлы жұмыстарыңызбен көпшіліктің құрметіне бөленген жандарсыздар,- деді Б.Атамқұлов өз құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы халықтың саны 2 840,6 мың адамды құраса, оның 1 млн. 400 мыңнан астамы әйел азаматтары. Олардың экономикалық тұрғыдан белсенділері 73,3 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда олар өңіріміздің дамуы үшін қоғамымыздың түрлі салаларында еңбек етіп келеді. Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы қыз-келіншектердің үлесі 36,8 пайыз болса, білім саласындағы педагогтардың 73,2 пайызы, денсаулық сақтау саласындағы білікті дәрігерлер мен мамандардың 86 пайызы нәзік жандылардан тұрады.
Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы 80 мыңнан астам сәби туылып, 150 мыңнан астам әйел көп балалы ана ретінде тіркелген. Осы күнге дейін жалпы облыста олардың 30753-і Елбасы Жарлығымен «Алтын алқа» иесі атанып, 41621-і «Күміс алқа» белгісімен марапатталған. Мерекелік шара кешкі 18:00-де облыстық орыс драма театрында «Ана-Нұр-көктем» атты концерттік бағдарламасымен жалғасын таппақ.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет