- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесі ашылды
Ұлттық музейде «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директорының міндетін атқарушы Жәкен Таймағамбетовкөрмеге қойылған жұмыстардың ерекшелігі туралы айта келе, жалпы әйел затының қадір-қасиетіне тоқталып өтті.
“Бұл біздің талантты суретшілеріміздің қолынан шыққан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Мұндағы туындылардың қай-қайсысы да әйел затына деген зор құрметті насихаттайды. Көктеммен қатар келетін мерекеге орай мұндай көрменің өтуі өте орынды деп санаймын”,- деді Ж.Таймағамбетов.
Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі Ермек Тоқтаров қазақ қоғамындағы әйел адамның орны туралы айта келе, көрмеге қойылған жұмыстардың негізгі тақырыбына тоқталып өтті.
“Біздің қазақ әйел адамның қадір-қасиетін жоғары бағалаған халық. Оның ішінде қыз балаға деген құрметі, қамқорлығы өз алдына үлкен бір тақырып. Бәріміз де ананың мейірімін, аялы алақанын көріп өстік. Әлдиінен күш-қуат алдық. Сол аналарымыздың сәбиіне деген махаббаты, мейірімділігі және жаратылысындағы әдемілігі осы суреттерде көрініс тапқан”, - деді Е.Тоқтаров.
Көрмеге әйел бейнесін қамтыған 40-тан астам туындылар қойылған. Атап айтсақ, Камил Муллашевтың, Нина Терещенконың, Вера Слабоспицкаяның, Қалиолла Ахметжанның, Бахытнұр Бүрдесбековтің, Сембіғали Смағұловтың туындыларында қазақ әйелінің тұрмыс-тіршілігімен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрі де қамтылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды