- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ақтөбе облысында ШОБ қолдауға 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді
2016 жылы Ақтөбе облысында ШОБ қолдауға 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді
«БЖК 2020» бағдарламасы аясында қолдауға ие болған ауыл кәсіпкерлері саны жыл сайын артып келеді. 2015 жылы 104 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Облыс бойынша мемлекеттік бағдарламаны Хромтау, Муғалжар және Алға аудандарының кәсіпкерлері көп пайдаланды.
2015 жылы бағдарламаға жаңа талаптардың енгізілуі арыздарды қарау уақытын қысқартты, бұл өз кезегінде көрсеткіштердің жақсаруына себеп болды, - деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары.
“Өткен жылдың наурыз айында сомасы 180 миллион теңгеден аспайтын несиелерді кепілдендіру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде мұндай несиелер аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауынсыз беріле бастады. Мемлекеттік қолдауға ие болған субъектілер саны 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты”, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Бағжан Тілегенов.
Сонымен бірге, Тілегеновтің айтуынша, кәсіпкерлерге қаржылай қолдау жұмыстары 2016 жылы да жалғаса береді. Оған республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат 250 шағын және орта бизнес субъектісін қолдауға жұмсалады.
Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдауға 1 миллиард теңгеден астам инестициялық қаражат қарастырылған. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ХГ АЛМЭКС» АҚ-пен келісілген өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумдарға сәйкес, Ақтөбе облысына қосымша 1,2 миллиард теңге тартылады. Бұл қаражат 10 және 15 млн теңге аралығында ауыл және бастауыш кәсіпкерлерге шағын несие ретінде 8,3% ставкамен беріледі.
Жалпы алғанда, «БЖК 2020» бағдарламасы іске асырыла басталғалы мыңнан астам ақтөбелік кәсіпкер қолдауға ие болды. Ақтөбе облысы аталған бағдарламаны орындау жағынан Алматы, Павлодар қалаларымен алғашқы үш көшбасшы қатарына еніп отыр.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді