Ақмола облысында жылу жүйесін беретін қазандық іске қосылады

5 Наурыз, 2016 09:43
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласы Красный яр ауылындағы инженерлі желіге қосылған модульді қазандықтың жұмысымен танысты, деп аймақ әкімдігінде хабарлайды.

Айта кетейік, қазандықтың модуль блогы мекемесінің  металл құрылысы 24710 мм ұзындықты құрайды, ені 22284 мм және биіктігі 8758мм, оның ішінде қазандық  пен керек-жарақты құралдар жөнделді.

«Жанған өнімдерді кетіру үшін, әрбір қазандық түтін сорғыш пен диаметірі 820 мм, биіктігі 31,85 м және бөлек іргетаста тұрған түтінді құбырлы құрышты газоходтармен жабдықталған»,-деп хабарландыруда айтылған.

Жергілікті қазандықтың бастығы Данияр Ақыбаевтың айтуынша, қазіргі күні жұмыстың 90 пайызы орындалды. Көбінесе екі түтінді құбыр, 3 сулы қыздырғыш, 3 су жылытатын қазандық, жылу желісі, екі бункерлі көмір мен дизельді электростанция.

Құрылыс жұмысы 852,5 млн теңгені құрды. Қазандықтың жалпы қуаттылығы – 10,5 Мвт (9,05Г кал/сағ).

Айта кетейік, қазандықтарды қосу 23 көп пәтерлі тұрғын үйлерді, 6 әлеуметтік-мәдени нысандарды және 12 заң нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Бұл қызметпен 7 мыңнан астам адам қолданатын болады.

Аймақ басшысы нысанды уақытылы беру керектігін ескеріп өтті. Осы жылдың күз айында қазандық Красный яр ауылын жылумен қамтамасыз етуі тиіс. 

Барлық жаңалықтар