- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 10 мың жұмыс орнының құрылуымен 120 жоба жоба іске қосылды
Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 10 мың жұмыс орнының құрылуымен 120 жоба жоба іске қосылды
Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен тәсілдерінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың ережелері мен қағидаттары, сонымен қатар Қазақстан қатысушы болып табылатын халықаралық келісімшарттардың нормалары ескеріле отырып әзірленген.
Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне өте тәуелді болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), жасыл парақтар (Yellow Pages) қағидатын ескере отырып, жоспарлы жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттік қатысу үлесін төмендету Қазақстанның ТШИ Инвестициялық сенім индексіне кіруі (FDI Confidence Index) адами капитал индикаторы бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылылығына тікелей байланысты.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңестің қорытындысы бойынша, сонау жылдары дағдарыс дауылы дамуға кедергі келтіріп, экономиканы тұралатып тұрған тұста қолға алынған индустрияландырудың бергені аз емес.
Үкімет те Индустрияландыру картасында межеленген бағдарламалардың нақты орындалуына баса мән беріп, көрсеткіштердің орындалуын қатаң қадағалаған. Нәтижесі де баршылық. Мәселен, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылыпты.
Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған. Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған тұста Қазақстанның осы саладағы көрсеткіші уыста ұсталды. Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі жаңа өнімдер өндірісі игеріле бастаған. Бұл да индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының нақты көрінісі.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек.
Халықаралық GMP стандарттарына сай кәсіпорын құрылысын ағымдағы жылы бастау көзделген. Өнім ішкі нарықпен бірге ТМД, Орталық Азия және Шығыс Еуропаға шығарылмақ.
Жобаны жүзеге асыру шешімі — бұл әлемдегі фармацевтика өнімдерін шығаратын ірі компанияны Қазақстанға тарту бойынша көпжылдық келіссөздердің нәтижесі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Компания қант диабетін, орталық жүйке жүйесін емдейдін дәрілер мен антибиотиктерді өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға құйылған шетелдік инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құрайды. 300 жұмыс орны ашылады.
«УПНК-ПВ» ЖШС-де Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен мұнай коксын қыздырудың технологиялық процесі іске қосылды.
Қазіргі уақытта «УПНК-ПВ» ЖШС-де Индустрияландыру картасының «Қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт» инвестициялық жобасын іске асыру аяқталуда. Қазіргі уақытта технологиялық құрал-жабдықтар (ҚХР өндірген) әкелініп, 100% орнатылған. Электрмен және сумен жабдықтау желілері өткізілді. ӘТК, қойма орынжайларын, қосалқы өндірістер құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны 2015 жылғы желтоқсанда толығымен пайдалануға беру жоспарлануда.
Жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады, пайдалану кезеңіндегі жұмыс орындарының саны 320 адамды құрайды. Құрылыс барысында 300 адам тартылды. Жобалық қуаты - жылына 205 мың тонна қыздырылған кокс. Жобаның бас мердігері China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd (NFC) болып табылады.
УПНК коксты қыздыратын екі толығымен тәуелсіз желісі бар, олар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Әрқайсысының жылдық қуаты - 102,5 мың тонна дайын өнім.
Мұнай коксын қыздыру – бұл шикі мұнай коксын 1250-1350°С дейін қыздыру үдерісі. УПНК негізгі шикізаты Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін шикі мұнай коксы болмақ.
Қыздырылған кокстың әлеуетті тұтынушысы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ болып табылады, ол өз кезегінде ҚХР-дан импортты 100% алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алда УПНК өнімінің бір бөлігі РФ мен Қытайға экспортталады. Негізгі өнім қыздырылған кокстан басқа УПНК артық жылуды кәдеге жарату бойынша торабын және күкіртті қосындылардан газды тазарту торабын өндіріс сұлбасына енгізу есебінен электр энергиясы мен гипс шығаруды жоспарлауда. Осының есебінен УПНК артығын басқа тұтынушыларға бере отырып, өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Жалпы өндірілетін энергия жылына 94 млн. квт, соның ішінде артығы жылына 62 млн. квт. Шығарылатын гипс көлемі жылына 4 мың тонна. Оған қоса, қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайту мақсатында кәсіпорында тазарту деңгейі 95%-дық шаң-газ-ұстапқалғыш жабдық кешені қолданылады, ал бұл аймақ экологиясы үшін өте маңызды.
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылдың желтоқсанында Қостанай облысында жаңғыртылған құс фабрикасы іске қосылды, деді «Жас қанат – 2006» ЖШС директоры Қайрат Майышев.
«Бізде құс фабрикасын жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды, ол жұмыртқа көлемін арттыруға бағытталған. Заманауи жоғарытехнологиялық қондырғыны енгізу 3 есе уақытты қысқартып жұмысртқа шығаруды жылына 250 млн дараға жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өнімді Қазақстанның өңірлеріне жеткіе аламыз. 15 пайыздық өнімді Ресейге экспорттаймыз», - деді ол.
Қ.Майышевтың айтуынша, жүргізілген жаңғырту аясында көрсеткішті екі еселендіру жоспарланып отыр.
Ал, индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысында ет өңдеу зауыты іске қосылды. Кәсіпорында 88 жұмыс орны құрылды, деді «Актеп» ЖШС құрылтайшысы.
«Индустриаландыру бағдарламасының нәтижесінде өндірісімізді әртараптандырдық, ІҚМ қоректендіруінен ет кластерін құра алдық. Бүгін ет өңдеу кешені жұмыс істеуде. Жобаға 2 млрд теңге бағытталды. 88 жаңа жұмыс орны құрылды. Өндірісте жаңа еуропалық технология қолданылды, ол шикізатты өңдеуүрдісін толық автоматтандырады», - деді ол.
Оның айтуынша, кәсіпорын Ресейге 60 пайыз өнімді экспорттамақ.
«Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысында "РМЗ-Шапағат" ЖШС-ның үй құрылысы комбинатын іске қосты.
Құрылыс индустриясындағы тағы бір ерекше жоба - Қызылорда қаласындағы үй құрылысы комбинаты. Комбинат жылына 35 мың шаршы метр каркасты тақта үйлерін тұрғызады. Үй салуда комбинат сапалы әрі қауіпсіз неміс технологиясын пайдаланады. Біркелкі тұрғын үйлер тұрғызуды тоқтатып, тұрғын үй сәулеті мен фасадтарының тартымды болуына мән береді.
«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің қатысуыңызбен «Үй құрылысы комбинатын» іске қосуға дайынбыз. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар көмегімен қаржылық қолдау және лизингке шетелден құрал-жабдықтар алынды. Жылына 35 мың шаршы метр каркасты тақта (панель) үйлерін салатын боламыз. Бұл - құрылыс нысанын үнемді және қысқа мерзім ішінде аяқтауға септігін тигізеді. Құрметті Елбасы, жасалып жатқан қолдау мен қамқорлыққа ұжымның атынан үлкен алғыс білдіремін. Сізден комбинатты іске қосуға рұқсат сұраймын», - деді «РМЗ-Шапагат» ЖШС Бас директоры Мұратбек Жақанов.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Алматыда «COLOR International Technologies» ЖШС-ның лак және бояу материалдары өндірісі жұмысын бастады.
Алматы қаласындағы лак-бояу материалдарын шығаратын зауыт ішкі нарықты толықтай қамтып, тауарды сырттан тасуды азайтады. Республикада баламасы жоқ өндіріс толық автоматтандырылып, еуропалық жоғары технология арқылы жылына 15 мың тонна бәсекеге қабілетті, экологиялық таза өнім шығарады.
Анар Тәңірқұлова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары