Астанада дактилоскопиялық және геномдық тіркелу сұрақтарын талқылайды

15 Қараша, 2013 18:44
Астанада «Дактилоскопиялық және геномдық тіркелу туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өтеді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астанада «Дактилоскопиялық және геномдық тіркелу туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өтеді. Оған азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттік орган, ғалымдар мен Парламент депутаттары қатысады», - деп хабарламада нақтыланған.

Жиында жаңа дайындалып жатқан заң жобасының негізгі дактилоскопиялық және геномдық тіркелу сұрақтары талқыланады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаевтың айтуынша, заң жобасы халықаралық тәжірибе бойынша құрастырылуда. 

Барлық жаңалықтар