- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы ҚР СІМ бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысы ҚР СІМ бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысының Өкімімен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, ол ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары лауазымындағы қызметін жалғастыра беретін болады.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Алексей Юрьевич Волков Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен;
Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен;
Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан;
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері