- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың жаңа механизмдерін түсіндірді
ІІМ қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың жаңа механизмдерін түсіндірді
ІІМ хабарлағандай, кеңестің бейне-селекторлық режимде өтуі оған орталық аппарат қызметтерінің барлық басшыларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД бастықтары мен жеке құрамының қатысуына мүмкіндік тудырды.
Марат Демеуов өзінің сөзінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен қатар ведомстволық 2016-2017 жылдарға арналған ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап көрсетті. Жеке құрамның тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі күшейтілді.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде.
2015 жылы жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөліністері құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жемқорлық әрекеттердің жолын кесуге бағытталған үш мыңға жуық жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді. Жұмыс орындары бойынша ашық сот отырыстарын өткізу практикасы жалғастырылуда.
Бейне-селектор барысында Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа ережелерін таныстырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» қабылданған заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге жылдың басынан бастап практикаға енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауы сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттар түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген құбылыстарына төзбеушілік қағидатын және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейне-селекторлық режимдегі кеңестің қатысушыларына қоғам назарына ілінген мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған жемқорлық әрекеттер туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша М.Демеуов аумақтық ішкі істер органдарының барлық басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықты жоюды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлері арасында қылмысқа жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер