- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады
Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады
5 Наурыз, 2016 08:39
ШҚО тұрғындарын сапалы өніммен қамту мақсатында Өскеменде әр апта сайын, демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Алғашқы жәрмеңке Ұлан ауданында өтпек, фермерлер өз өнімдерін 6 наурызда табыс етеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісі Ербол Қуанышевтың айтуынша, аудандық жәрмеңкелер кестесі анықталды. Аудан фермерлері қолжетімді бағаға ет, жұмыртқа, ұн, нан, балық, көкөністерді жеткізеді.
«6 наурызда Өскеменде Ұлан ауданы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Келесі күні қала кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі өтеді. Семейде Бородулиха ауданының жәрмеңкесі өтеді», - деді Е.Қуанышев.
Айта кетерлігі, өткен жылы өңірде 651 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оның 59 облыс орталығында өтсе, 58- Семейде, қалғаны аудандарда өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша