- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ахметов: Қазақстандық әйелдердің нақты азаматтық ұстанымы таңқалдырарлық
Д.Ахметов: Қазақстандық әйелдердің нақты азаматтық ұстанымы таңқалдырарлық
ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды. Олардың қатарында ауылшаруашылығы, мәдениет, спорт, білім беру салаларының өкілдері, журналистер мен үй шаруасындағы әйелдер, «Күміс алқа» иелері бар. Әрбіреуі кәсіби және азаматтық тұрғыда қалыптасқан, жоғары шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген, еңбек қызметі мен өмірде табысқа жете білген жандар.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгінгі кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы алқашқы мерекелік шара екендігін атап өтті.
«Ел болашағын ертеден ойлаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әйел-ананың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Өйткені ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси өміріне белсене ат салысып, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге зор үлес қосып отырған қоғам мүшесі», - деді облыс әкімі.
Айта кетсек, біздің облыста әйелдер қауымының басым бөлігі мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салаларда еңбек етіп жүр. Мемлекеттік басқару саласының жартысы – әйелдер. Облыстың барлық салаларында басқарушылық қызметін атқарып жүрген әйелдер саны 40%-ды құрайды.
Сонымен қатар, нәзік жандылар аймақтың қоғамдық өміріне, азаматтық институттарды дамытуға зор үлес қосып келеді. Олар 13 әйелдер және гендерлік мемлекеттік емес ұйымдарға, 39 этномәдени бірлестіктерге басшылық етіп отыр.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды