• Басты
  • Жамбыл облысында 5 аудан арнайы кітапханалық бағдарламамен жұмыс жасап отыр

Жамбыл облысында 5 аудан арнайы кітапханалық бағдарламамен жұмыс жасап отыр

4 Наурыз, 2016 19:27
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы қатысты.

Д.Бықыбаевтың айтуынша, облыста барлығы 287 мемлекеттік кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде, 276 аудандық және ауылдық, 8 - қалалық, 3 - облыстық кітапхана. Бүгінгі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 3 млн. 387 мың 948 дананы  құрайды. (Оның мемлекеттік тілдегісі – 1 млн. 572 мың 821. Облыс кітапханаларында барлығы кітап берілімі - 4 млн. 763 мың 438, оның мемлекеттік тілдегісі - 3 млн. 681 мың 687 дананы құрап отыр. Ал, келушілер саны  –  2 млн. 375 мың 591).

Оқырман саны 258 332-ге жетіп, 133 млн. 260,5 мың теңгеге кітап қоры толықтырылды. 287 кітапхананың бүгінгі таңда 258-і (90%) компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, 239 кітапхана (83%) интернет желісіне қосылып, әлемдік ақпарат алуға қол жеткізуде. Кітапханалары интернет желісіне 100 пайыз қосылған аудандар Жамбыл, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу. Облыс кітапханаларын автоматтандыру бағытында арнайы кітапханалық бағдарламалармен («РАБИС», «АБИС», «КАБИС», «ИРБИС», «АИС СБ РК») барлығы 240 кітапхана (83,6%) «Каталогтаушы» модулі бойынша жұмыс жасайды.

Арнайы кітапханалық бағдарламамен барлық кітапханалары (100%) жұмыс жасап отырған - Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл, Талас аудандарын атап өтуге болады. 2015 жылы  дерекқорға жалпы барлығы –  1 016 366   дана әдебиеттер енгізілді. Жергілікті ақын-жазушыларға қолдау көрсету мақсатында  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен       1 млн. 955,8 мың теңгеге 2059 дана кітап алынған.

Бүгінгі таңда облыста 7 музей халыққа қызмет көрсетеді. Облыс музейлерінде 2015 жылы 95 мыңнан аса экспонаттарды 49822 келушілер тамашалады. 2245 экскурсия, түрлі тақырыптарда 494 көрме ұйымдастырылды.

«Мәдениеттің бір саласы кино өнеріне тоқталар болсақ, облыстық кино орталығының қорында 1218 дана кең көлемді форматтағы көркем фильм, 1644 дана деректі фильм, 25 дана мультипликациялық фильмдер бар. Тіпті 60-70 жылдары түсірілген деректі фильмдер де жетерлік. Бүгінгі таңда облыс бойынша клубтар мен мәдениет үйлерінде 22 киноқондырғы және 10 «Зерде» бейнемобиль халыққа кино көрсету жұмысын атқаруда. Жыл басынан бері 3150 кинокөрсетілім қойылып, 120200 көрермен қамтылды. Бұл барлығына қолжетімді. Тамашалағысы келетіндеге арнайы шағын кинозал жасалды»-, деді. Д.Бықыбаев.


 

Барлық жаңалықтар