• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында су тасқыны маусымына дайындық шеңберінде оқу-жаттығулар өтті (ФОТО)

Ақмола облысында су тасқыны маусымына дайындық шеңберінде оқу-жаттығулар өтті (ФОТО)

4 Наурыз, 2016 17:16
Ақмола облысының аймақтық азаматтарды қорғау қызметінде көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлар қаупі қарастырылды. Шарада аймақ басшысы Сергей Кулагин мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер қатысты.

Аймақтың әкімдігінде хабарлағандай, бүгін Көктем-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуның екінші күні өтті.

«Таңертен облыс төтенше жағдайларға әрекет ету бөлігінің аумағында, ол жерде инженерлі техниканың 50 бірлігі және 150 адамына шеру өткізді. ІІМ құрамынан 80 бірлік техника мен 340Төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істер, қылмыстық атқару жүйесі, жергілікті полиция қызметкері және ҚР ІІМ Көкшетау техникалық иститутының   қызметкерлері берілді»,- деп хабарландыруда айтылған.

Күштер мен құралдардың дайындығы тексерілгеннен кейін көктем айының ТЖ жою бойынша тәжірибелік жұмыстары көрсетілді. «Казгидромет» РМК ауа-райының болжамы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында 2016 жылдың наурыздың аяғы-сәуірдің басы ауа температурасының күрт жоғарлауы күтілуде. Қардың тез еруі Каспий теңізінің жағалауында, ірі су қоймаларынан судың өтуі, мемлекеттің тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде және көлік коммуникацияларында, елді мекендерде төтенше жағдайлардың туындауына нақты жағдай жасайды.

«Казавиаспас» АҚ тікұшағын қолдану барысында ауыр жағдайдағы адамдар эвакцацияланды. Барлығы оқыту-жаттығуда 66 бірлік техника қатысты. Олар арнайы өрт сөндіруші, авариялық-құтқарушылық және инженерлі техникалық, бір тікұшақ, жеке құрамында 295 адам болды.

Оқу-жаттығу басшылығымен министрліктердің жедел тобы басшыларының ақпараттары тындалды. Басшылық штабымен қолайсыз дамыған жағдайда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстардың орындалуын басқару органдары басшыларының іс-қимылына бақылау жүзеге асырылды.

Барлық жаңалықтар