- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында археологиялық зерттеулерге 30 млн теңге бөлінді
Жамбыл облысында археологиялық зерттеулерге 30 млн теңге бөлінді
Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз» қалашығы орнында «Көне Тараз» мұражайы, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері» кешені, «Бақылау мұнарасы», «Қоршау дуалдары» салынып, Этно-мәдени орталықтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылға «Ежелгі Тараз» қалашығының Шахристан бөлігіне 30 млн. теңге бөлініп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасын табатын болады. Мақсат - «Ежелгі Тараз» қалашығын ашық аспан асты мұражайына айналдырып, туристік кластерді дамыту, «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесіне келетін қонақтарға «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы кешеніндегі археологиялық саябақты жан-жақты таныстыру. Есепті жылы «Төрткүл Х-ХІІ ғғ.» керуен-сарайына облыстық бюджеттен 28 млн. теңге бөлініп, этнотуризмді дамыту мақсатында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан республикалық маңыздағы бірқатар тарихи ескерткіштерге реставрациялау және консервациялау жұмыстары жоспарланған Сонымен қатар, Тұжырымдама аясында Министрлік тарапынан мәдениеттің барлық салалары бойынша көркемдік кеңестер құрылып, бүгінгі таңда өз жұмысын атқаруда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды