- Басты
- Жаңалықтар
- Қазалы темір жол ауруханасы жаңа құралдармен жабдықталды
Қазалы темір жол ауруханасы жаңа құралдармен жабдықталды
Теміржол ауруханасы жергілікті ауданның тұрғындарына және Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың жанұяларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Мұнда кәсіби деңгейі жоғары дәрігерлер жұмыс жасайды. Өткен жылы 2385 емделушіге қызмет көрсетілді.
«Осы құрылғылардың арқасында өт қалтасына және кистомаға, аппендицитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДТ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді, барлық клиникалық биохимиялық сараптамалар анализаторларда жасалады. Сондай-ақ реанимациялық бөлімшеде шұғыл науқастарға қысқа мерзімде диагноз қою мен оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік туды», - дейді аурухананың бас дәрігері Құбыл Ршымбетов.
Айта кетейік, биылдан бастап ауруханада нейроинсульттік және оңалту бөлімшесі ашылмақ. Қазірдің өзінде нейроинсульттік науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалармен және лифтімен толық жабдықталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды.
Аурухана дәріханасы барлық қажетті құралдармен жабдықталған,39 түрлі дәрі-дәрмек пен керекті сұйықтықтарды әзірлеуге қол жеткізілді, сонымен қатар, тамшылар, жақпа майлар, ішуге арналған сұйық дәрілерді әзірлейді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы