- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылды (ФОТО)
Ұлттық музейде «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылды (ФОТО)
Ұлттық музейдің педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырып жатқан шараның басты мақсатыталантты балалардың шығармашылық жұмыстарын жалпыға таныстыру арқылы олардың эстетикалық тәрбиесін дамыту.
«Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесінде дәріс беріп жүрген ҚР суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов көпшілік назарына ұсынылған суреттерге жоғары баға бере келе, балаларға шығармашылық табыстар тіледі.
“Көпшілік назарына ұсынылған суреттер балалардың жүрегінен шыққан туындылар. Арнайы көрме қонақтары үшін әр түрлі тақырыптарды қамтуға тырыстық. Бұл балалардың үлкен болашағы бар деген сенімдемін.Себебі өте талантты. Бірінен бірі озып тұр. Шығармашылық табыстар тілеймін”, - деді М.Байбосынов.
Айта кетейік, «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусым айынан бері қарай жұмыс істеп келеді.
Көрмеге жалпы саны 40-қа жуық жұмыс қойылған. Олардың басты тақырыбы бейбітшілік пен бақытты балалық шақ, баланың анаға деген махаббаты, сый-құрметі.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы