- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 117 ана «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды (ФОТО)
Алматы облысында 117 ана «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды (ФОТО)
Олардың арасында Талдықорғаннан Майра Бақтыбаева, Талғар ауданынан Айтбала Тасыбаева, сарқандық Нұргүл Мамбетбаева, Райымбек ауданының тұрғыны Гүлзат Қоңырбаева мен Еңбекшіқазақ ауданынан Кәмшат Дәулетбаева Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы салтанатты қабылдауда марапаттарын облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан алды.
Облыстың аудан-қалаларынан шақырылған 200 әйел қатысқан мерекелік қабылдау барысында өңір басшысы А. Баталов соғыс және еңбек ардагерлеріне, құрметті азаматтарға, қоғам қайраткерлеріне, көп балалы аналар мен әр саланың озат қызметкерлеріне өзінің алғысын жеткізді. Өз сөзінде қазіргі қоғамда әйелдер отбасынындағы аяулы ана, жақсы жар болу міндетімен қатар кәсіби қызметте де белсенді жұмыс істеп жүргенін тілге тиек етті.
«Біздің қоғам – үлкен үй секілді, мұнда да сіздер өз шаңырақтарыңыздағыдай жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қарияларға қызмет етіп жүрсіздер, қашанда ортаның тыныштығына тірек болып, шырайын кіргізіп келесіздер. Үздік саясаткер де, табысты кәсіпкер де, талантты ғалым да, білікті дәрігер де, ұлағатты ұстаз да – әйелдер. Осы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, шаңырақтың шаттығын тілейміз», - деді А. Баталов.
Мұнан соң облыс басшысы бірқатар аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа», облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапаттады.
Өз кезегінде әйел азаматтар да мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Аналар мен аруларға сыйлықтар беріліп, оларға арнап қазіргі қазақ эстрадасының өкілдері ән шырқады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы