• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Баварияның инвестициялық перспективалық бағыттары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Баварияның инвестициялық перспективалық бағыттары талқыланды

4 Наурыз, 2016 17:32
Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мен Баварияның экономика, инфрақұрылым, көлік және технологиялар министрлігінің мемлекеттік хатшысы Йозеф Пширер инвестициялық ынтымақтастық, энерго-тиімділік, геология, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады, деп хабарлады ИДМ.

Қазақстандық тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, әсіресе экономикалық байланыстарды тереңдетудің әлеуетіне назар аударды. А.Рау мәртебелі қонаққа инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Қазақстанда қабылданған шаралар туралы айтып берді.

 Ф.Й.Пширер мырза Баварияның инфрақұрылымы және өнеркәсібі жоғары дамыған неміс экономикасының көшбасшыларының бірі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның қатты пайдалы қазбаларға бай екенін ескере отырып, Баварияның химиялық кластерімен ынтымақтастық орнатуға жақсы мүмкіндіктер бар екендігіне назар аударды.

Барлық жаңалықтар