- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауына қатысушыларының тізіміне жауынгерлік тәжірибесі бар әскери қызметші кірді
«Батыр арулар» байқауына қатысушыларының тізіміне жауынгерлік тәжірибесі бар әскери қызметші кірді
Бірегей байқау қатысушыларының қатарына жауынгерлік тәжірибесі бар қазақстандық армияның жаңа өкілі қосылды. Келісімшарт қызметінің сержанты Айман Рыскелдина 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін жеті жыл көлемінде тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарды. Әскери қызметші радиотелеграфист болып жұмыс істеді, байланыспен қамтамасыз етуге жауап берді.
Сол жерде бүгінгі таңда запастағы майор болып табылатын оның жары да қызмет етті. 2005 жылдан бастап Айман Рыскелдина Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет өткеруде. Бүгінде ол радиостанция командирі – станция бастығы болып табылады. «Әскери қызметші болу – менің сара жолым. Мен бұны бала кезімнен армандадым және Қарулы Күштерге саналы түрде бет бұрдым. Бәлкім, кейбіреулер әскерде нәзік жандыларға орын жоқ деп айтуы мүмкін.
Алайда, бұл жаңсақ пікір. Мұнымен келіспеймін. Мен өзімнің әскери қызметтегі дара жолымды таптым», - дейді Айман. Қазіргі уақытта Қазақстанның Қарулы Күштерінде қыз-келіншек әскери қызметшілер арасындағы «Батыр арулар» екінші республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Ұйымдастыру комитетіне 200-ден аса өтінім келіп түсті. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығына сауалнамаларын 25 наурызға дейін беріп үлгеру қажет. Одан кейін өтінімдерді қабылдау және байқаудың бірінші кезеңі аяқталады. Бірінші кезеңде халықтың дауыс беруі арқылы қазақстандық армияның он екі үздік өкілі анықталады. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда