• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Дауылбаев: Жаңа қылмыстық-процестік кодекс ЭЫДҰ дамыған елдерінің озық тәжірибесіне бағдарланған

А.Дауылбаев: Жаңа қылмыстық-процестік кодекс ЭЫДҰ дамыған елдерінің озық тәжірибесіне бағдарланған

4 Наурыз, 2016 15:34
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияның ашылуына қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура Мемлекет басшысы бекіткен Ұлт жоспары «100 қадамды» іске асыруға белсене қатысып келеді.Қадағалау практикасын ескере отырып, біз мембасқару және сот төрелігі жүйесін, оның ішінде прокуратура органдары жүйесін реформалару, сондай-ақ заңның үстемдігі принципін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакетін дайындадық, оларды Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қолдады.

Реформалаудың кезекті және аса маңызды кезеңі ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің озық тәжірибесіне бағдарланған жаңа Қылмыстық-процестік кодекс болды.

Жаңа форматта құқық қорғау органдары өткен жыл бойы жұмыс істеді. Практика басталған реформалардың дұрыстығын растады.Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша тергеу судьясы институты енгізілді, ол тәуелсіз сот бақылауының негізгі құралына айналды.Қылмыстық іс қозғаудың формалды сатысы жеңілдетілді, процестік түрде жасырын іс-шаралар регламенттелді, келістіруші рәсімдер және азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзге де прогрессивті тетіктері енгізілді.

 

 

Барлық жаңалықтар