- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту мәселелері талқыланды
Алматыда қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, Әділет министрі Берік Имашев, сондай-ақ халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық, құқық қорғаушылық ұйымдардың өкілдері, Германия, Ресей, АҚШ және Украинаның ғалымдары қатысты.
Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту мәселелерін талқылауға арналған конференцияның екінші күнін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ашты. Ол Мемлекет басшысының қоғам сұранысына және халықаралық стандарттарға жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру туралы тапсырмасын орындау тұрғысында қылмыстық процестік заңнаманы реформалаудың және адам құқығын қорғаудың озық процестік тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап көрсетті.
Сотқа дейінгі тергеудің заманға сай моделін енгізу, қылмыстық қудалаудың сапасын арттыру, қылмыстық сот өндірісіндегі прокуратура мен соттың рөлін күшейту күн тәртібінің маңызды тақырыптары ретінде болды.
Конференцияға қатысушылар атап өткендей, басталған реформалардың дұрыстығын практика дәлелдеп отыр. Жаңартылған қылмыстық процестік заңнама жағдайында тергеу және сот органдарына жүктемені айтарлықтай азайтуға, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына кепілдік беруге мүмкіндік жасайтын жаңа құқықтық және процестік институттар жемісті жұмыс істей бастады.
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель өз сөзінде Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің новеллаларын қолдану тәжірибесін талдау нәтижелеріне тоқталды, сотқа дейінгі өндірістің жаңа моделінің сөзсіз артықшылықтарын, азаматтардың құқықтарын қорғаудың озық тетіктерін атап көрсетті. Сондықтан, қылмыстық процестің одан әрі дамуы ең алдымен халықтың сенім деңгейін нығайтуға, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап көрсетті.
Форум барысында сотқа дейінгі өндірістің негізгі новеллалары, жаңа Қылмыстық процестік кодекс аясындағы құқық қолданушылық тәжірибе мәселелері бойынша талқылаулар мен пікір алмасулар болды. Баяндамашылар жүргізілген реформалардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.
ТМД және Еуропа елдерінен келген қонақтар сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастырудағы өз тәжірбелерімен бөлісті. Шет елдік сарапшылар ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға бағытталған нормалардың енгізілуін жоғары бағалады.
Процестік жаңашылдықтарды бірлесіп талқылау жинақталған құқық қолданушылық тәжірибенің нәтижелерін объективті талдауға, процестік заңнаманы одан әрі жетілдірудің, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландырудың, оның құқық қорғаушылық әлеуетін күшейтудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда